Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде «Заң мен тәртіп» қағидатын үнемі атап өтеді. Бұл қағидат мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде, қоғамның әрбір мүшесінің құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз етуде, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл принциптің маңыздылығын Кентау қаласындағы соңғы оқиғалар айқын көрсетті.
Жақында Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі 68 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үй маңында орналасқан дүкеннен өрт шығып, жақын маңдағы тұрғын үйге залал келтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл оқиға тек материалдық шығынмен шектелмей, тұрғындардың қауіпсіздігіне төнген қатер ретінде де қабылданды.
Мұндай жағдайлардың алдын алу және оларға дер кезінде әрекет ету – Семлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты ұстанымының тікелей көрінісі. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қала әкімі Жандос Тасов нысан басына барып, жауапты мамандармен бірге жағдайды тексерді. Бұл әрекет, әсіресе, мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін және проблемаларды шешудегі белсенділігін көрсетеді.
Бақылау барысында бірқатар заңсыздықтардың анықталды. Қала әкімінің тиісті салаларға анықталған кемшіліктерді толық зерделеп, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және шара қолдануды тапсыруы – бұл мәселенің ерекше назарда екенін білдіреді.
Мемлекет басшысының еліміздегі заңдылықты нығайту, тәртіп орнату және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұстанымы осы оқиға арқылы нақты іске асырылуда. Кентау қаласындағы жағдай, көпқабатты тұрғын үйлердің жанындағы кәсіпкерлік нысандардың заңдылығын кешенді тексеру туралы берілген тапсырма арқылы, мемлекеттік органдардың алдын алу шараларына баса назар аударатынын көрсетеді. Бұл тек осы бір оқиғаға қатысты емес, жалпы қала аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бастамасы.
Қала әкімінің берген тапсырмалары, мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты ұстанымын жергілікті деңгейде жүзеге асырудың нақты мысалы болып табылады. Бұл тек құқық бұзушылықтарды жоюмен шектелмей, сонымен қатар, болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды да қамтиды. Заңдылықты нығайту, қоғамдағы тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл мемлекеттің басты міндеттері. Кентау қаласындағы бұл оқиға, осы міндеттердің орындалуына бағытталған мемлекеттік саясаттың белсенді жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді.
