26/11/2024

«ZHAS PROJECT»: БЕКБУЛ НАМУТОВ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ БҰЗЫЛҒАН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕЙДІ

Бекбул НАМУТОВ    «Zhas Project» жобасының NEET тобы жастарына арналған байқауының жеңімпазы атанған 20 шымкенттік жастың бірі. Ол балабақшаларда, қарттар үйлерінде және мүгедектерге арналған әлеуметтік мекемелерде бұзылған конструкцияларды қалпына келтіру мақсатында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу бойынша жобасын сәтті  қорғап, 1 млн теңгенің қайтарымсыз грантына ие болды.

«Жоба аясында балалар мекемелеріндегі , яғни мектептер, балабақшалар және коррекциялық орталықтарда балалар алаңдарын жөндеу бойынша тегін қызметтер көрсетілді. Сонымен қатар сұраныс бойынша басқа да дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Бұл республикамыздың инфрақұрылымын жақсартуға елеулі ықпал етеді.  Дәнекерлеуші мамандығы құрылыс және өнеркәсіп саласында маңызды рөл атқарады. Конструкциялар мен бұйымдарды жасауда металдар мен пластмассаларды біріктіру жұмыстары үздіксіз және экономика үшін қажет», дейді Бекбул.

Қазақстанда NEET санатындағы жастарды кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік жобалар арқылы қоғамға кіріктіруге арналған жоба белсенді түрде іске асырылуда. 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жеті бағытының бірі, бұл жоба уақыттың қиындықтарына жауап болды және уақытша тұрақсыз болып шыққан жастарды қолдауға арналған.

Қазақстанда NEET санатына жастардың 4 тобы енгізілген. Олар: жұмыссыз жастар – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мерзімді әскери қызметтен өткен колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері; нәтижелі қызметке қабілетті, мүмкіндіктері шектеулі; белсенді емес жастар – алкогольге және есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін, созылмалы аурулардан зардап шегетін және тиісті оңалтудан өтетін, жұмыс іздеумен немесе оқумен айналыспайтын; үй шаруашылығымен айналысатын – жұмыс іздеумен немесе оқумен айналыспайтын үй шаруасындағы туыстарына, үй шаруасындағы әйелдер, оның ішінде көп балалы аналар мен жалғызбасты аналар.

«Zhas Project» жобасы аясында 18-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар (уақытша ұйымдастырылмаған жастар) қатыса алады. «Zhas Project» жас қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға және өз өңірлеріндегі әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын іске асыруға, сондай-ақ олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жоба жеңімпаздары өздерінің әлеуметтік бастамаларын іске асыруға 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар алады.

«Айта кетейік, «Zhas Project»  жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылады. «Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы NEET жастарын қоғамға қайта қосу. Қазақстанда «Zhas project» жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылады.

NEET жастары конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын әлеуметтік жобалар жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. «Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаеваның айтуынша, бұл жобаға бастапқыда 300-ден астам өтініш келіп түскен. Комиссия оның жиырмасын ғана іріктеп алынған.

«Өтініштерді қарау барысында Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, идеясы қызықты және маңызды деген 20 жоба жеңімпазы таңдалды. Жеңімпаздар грантты ақшалай алмайды. Олар өздерінің бюджеттік құжатында көрсеткен құрал-жабдықтарды ғана алады. Сол тізімге сай біздің мекеме оларға қажеттісін алып береді. Осылайша, біздегі барлық процедура ашық. Яғни, жобаны жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді», — дейді Д.Қырғызбаева.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар