Фариза МҰСАБАЕВА – «Zhas Project» жобасының NEET тобы жастарына арналған байқауының жеңімпазы атанған 20 шымкенттік жастың бірі. Ол «Taft-kilem.kz тафтинг әдісімен тоқылған кілемдер» атты жобасын сәтті қорғап, 1 млн теңгенің қайтарымсыз грантына ие болды. Қазақстанда «ZHAS PROJECT» жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылады. Жобаға 18 бен 35 жас аралығығында NEET категориясындағы қатыса алады.
Фариза шағын грант есебінен тафтинг әдісімен кілем өндірісіне арналған шеберхана ашты.
«Ежелгі заманнан бері үйдегі кілемдер иесінің байлығы мен мәртебесінің символы болып табылады. Мұндай шедеврлерді жасауға бірнеше жыл кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта дизайнерлік кілемдер үйлер мен пәтерлерде интерьердің басты элементіне айналды. Менің жобам тафтинг әдісімен кілем өндірісіне арналған тігін шеберханасын ашуға бағытталған. Жоба аясында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар, мүгедек адамдар үшін кілем жасау бойынша тегін оқу іс-шаралары, сондай-ақ суретші-дизайнер мамандығы бойынша курстар өткізілді. Бұл мақсатты аудиторияға жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ болашақта өз істерін ашуға мүмкіндік береді», – дейді Ф.Мұсабаева.
Тафтинг – шеберлердің жіпті негіз материалына қол құралымен енгізетін күрделі техника. Мұндай тәсіл күрделі өрнектер мен әртүрлі биіктіктегі жүнді жасауға мүмкіндік беріп, ерекше текстуралық қасиеттерді қамтамасыз етеді. Машиналық өндірістің аналогтарынан айырмашылығы, қолмен жасалынған кілемдер жеке шеберлік пен шығармашылық икемділігімен ерекшеленеді, бұл әрбір өнімді қайталанбастай етіп жасауға мүмкіндік береді.
«Zhas Project» жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы NEET жастарын қоғамға қайта қосу. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын әлеуметтік жобалар жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс.
«Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаеваның айтуынша, бұл жобаға бастапқыда 300-ден астам өтініш келіп түскен. Комиссия оның жиырмасын ғана іріктеп алынған.
«Өтініштерді қарау барысында Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, идеясы қызықты және маңызды деген 20 жоба жеңімпазы таңдалды. Жеңімпаздар грантты ақшалай алмайды. Олар өздерінің бюджеттік құжатында көрсеткен құрал-жабдықтарды ғана алады. Сол тізімге сай біздің мекеме оларға қажеттісін алып береді. Осылайша, біздегі барлық процедура ашық. Яғни, жобаны жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді», — дейді Д.Қырғызбаева.
«Zhas Project» — бұл Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылатын жоба. Жобаның негізгі мақсаты — NEET санатындағы жастардың кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу.
Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру салаларынан уақытша тыс қалған 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтарға қолдау көрсетіледі. 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде NEET санындағы жастарына 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грант беру жоспарланған. Бұл жастарға жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешу үшін өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асу үшін қосымша ресурстар мен мүмкіндіктер алуға мүмкін бастама.
NEET санатындағы жастар бірнеше категорияға бөлінетін болса, оның ішінде тіпті сотты болған жастар да жұмыспен қамту шараларына қатыса алады. Мәселен, Шымкенттегі еңбек мобильділігі орталығы тарапынан жұмыспен қамту шараларына пробация есебінде тұрған 41 жас тартылған. Ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 17 жас жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар 372 жас екі қолға бір күрек тапқан.