26/11/2024

Жасөспірімдер мұражаймен танысты

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында  17-19 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында Қаратау АПБ ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен қаладағы №72, №85 және №132 жалпы білім беру ұйымдарының 50 оқушысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы және мұражайымен танысты.

Шара барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың қызметі таныстырылып, бейнекамералардың көмегі арқылы қала аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жол жүрісі ережелерін бұзу жайттарының алдын алу мен анықталу жағдайлары туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқушылар департамент мұражайын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Қазіргі таңда мұражайда 4 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары сақталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар