ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАҢДАУЫ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ!

«Қазығұрт спорт клубы» мектеп оқушыларының жазғы сауықтыру лагерінде жаңа маусым оқушылары үшін тағы да «Спорт — нашақорлыққа қарсы!» тақырыбында спорттық жарыс ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандырып, олардың бос уақытын тиімді өткізу және спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Лагерьде өткен тартысты бәсеке барысында балалар волейбол, арқан тарту, 100 метрге жүгіру және қол күресі түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Жарысқа қатысушылар белсенділік танытып, командалық бірлік пен спорттық руждың керемет үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жас жеткіншектердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, табандылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға баулиды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар