ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жетісай ауданында  «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов, облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқапов, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш қатысты. Сондай-ақ, жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау мен Қостанай облыстарынан келген делегация мүшелері қатысты.

Кездесуде теріскей аймақтардың жай-күйі, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігі таныстырылды. Одан бөлек, тұрғын үй мен егістік жер алу, жұмысқа тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамытуға ниеттілер үшін салықтық жеңілдіктер жайлы айтылды.

Іс-шара соңында Жетісай ауданынан 11 адам Павлодарға, 10 адам Солтүстік Қазақстанға, 5 адам Қарағандыға, 4 адам Қостанайға, 3 адам Шығыс Қазақстанға, 3 адам Ұлытауға, 2 адам Абай облыстарына қоныс аударуға ниет білдірді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар