26/11/2024

ЖҰМЫССЫЗ ӘЙЕЛДІ ШҰЛЫҚ ЗАУЫТҚА ОРНАЛАСТЫРДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Нұрсұлтан Балабиев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініш-тілектерін айтып, халық қалаулысынан көмек сұрады.

Нұрсұлтан Қайратұлы әрбірінің көтерген мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігінше көмектесті.

Мәселен, шымкенттік тұрғын Нұрипа Омарбекова жұмыссыздық мәселесі бойынша келді. Ол жұмысқа орналаса алмай жүргеніне шағымданды. Депутат жұмыссыз азаматшаның мәселесін оңынан шешіп, «Әлем-БТ» шұлық шығаратын зауытқа жұмысқа орналасуына көмектесті.

Ал қоғамдық көлік пен жолды асфальттау бойынша арызданған Сапарғали Умарбековтың өтінішін депутаттық сауал арқылы тиісті мекемелерге хат жолдап, бақылауға алынды.

Сондай-ақ қабылдау барысында әлеуметтік көмек сұрай келген тұрғындарға бір реттік көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар