Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, шипажайға жолдама, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі мәселесін жеткізді.
Шымкент қаласында биыл 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланып, бүгінге дейін оған 23 630 тұрғын қатысты.
Жұмыс жөнінде келген тұрғынның мәселесін шешу үшін басқарма басшысы Еңбек мобильділігі орталығының директорына тапсырма берді.
Басқарма басшысының қабылдауына қатысу алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін тұрғындар Бәйтереков көшесі,89 мекенжайына келіп, 21-кабинетке жазылуы тиіс.
NARKESKEN.KZ