26/11/2024

Жүрегі екі рет тоқтады: Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды

Шымкентегі №1 қалалық клиникалық ауруханасына 60 жастағы ер кісі 18- тамызда түнгі  04.00 де қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен ауыр жағдайда түскен. Жағдайының ауырлығына байланысты науқасты дәрігерлер реанимациялық залға кіргізіп, шұғыл көмек көрсеткен. Пациентте пульс анықталмай, есінен танып, жүрек соғысы болмаған.

Медицина қызметкерлері жедел түрде  реанимациялық шараларды  бастап, қатарласа анализ алынып, УДЗ түсірілген.

Жүрек ритмі қалыптастырып, анализы гемоглобин 57г/л. УДЗ іш қуысында 1000мл-1200мл қой сұйықтық берілді.

Жүрек соғысы қалыпқа келген науқасқа хирургтар мен анестезиологтар шешіміммен жедел түрде ота жасалды. Ота кезінде іш қуысына 4000мл дейін қан болған. Ота кезінде жүрек тағы бір рет тоқтап қалпына қайта келтірілді және қан құю процессі қатарынан  жүргізілді. Операцияда  бауыр мен асқазан аралық байлам жыртылғаны анықталып, хирургиялық жолмен байланды.

Дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтып, екі тәуліктен кейін науқасты жансақтау бөлімінен хирургия бөлімшесіне ауыстырған.

Қуаныштысы сол, пациент  алған клиникалық өлім және отасына қарамай тез айықты. Бір айға жуық медицина қызметкерлерінің бақылауында болған науқас сауығып, ауруханадан үйіне шықты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар