Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Бозарық шағын ауданынан пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңдарының құрылысы барысын тексерді.
Көпқабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабат кірпіші қаланып бітуге жақын. 1,2 деңгейде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Электр қуаты реттеліп, сантехника мен терезелер орнатылуда.
Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.
Айта кетейік, үйлердің құрылысы осы жазда басталды. Аумағы 3,5 гектарды құрайды.
Аталған аймақта биыл 9 000 шаршы метр тұрғын үй салынып жатса, 2023 жылы тағы 24 300 шаршы метрді құрайтын баспаналар тұрғызылады.
Қала әкімі нысанды аралау барысында жауапты мекеме басшылығына құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы жасай отырып, құрылыстың мерзімінен кешіктірілмей аяқталуын тапсырды. Сонымен қатар, туындаған кез келген мәселеде әкімдік тарапынан барынша қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Narkesken.kz