Түркістан қаласында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында өткізілген оқу курстарына 120-дан астам әйел қатысып, кондитерлік өнім өндіру, визажист, SMM, тігін және аспаздық сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша кәсіби дағдыларын арттырды. Осының негізінде әйелдер өз бизнесін бастаған немесе бар бизнесін дамытуға қажетті білім мен тәжірибе алған. Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай мәлімдеді.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы – әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған кешенді стратегия. Бұл бағдарламаның маңызды бір бөлігі – шағын және орта бизнесті дамыту, ал оның ішінде әсіресе әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Түркістан қаласы бұл бағыттағы жұмыстардың белсенді үлгісін көрсетіп отыр.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орнатылығында, бқдан бөлек, 12 әйел кәсіпкерге жеке менторлық қызмет көрсетіліп, 5 кәсіпорынға сыртқы бағалау жүргізілді. Бұл кәсіпкерлерге өз бизнесіндегі кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға және тиімділікті арттыруға көмектеседі.
51 әйел кәсіпкерге халықаралық жобаларға қатысу бойынша қолдау көрсетілді. Бұл оларға жаңа нарықтарға шығуға, тәжірибе алмасуға және өз бизнесін әлемдік деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.
14 қыз-келіншек арнайы оқудан өтті, бұл олардың кәсіпкерлік саласындағы білімін тереңдетуге ықпал етеді.
Биыл сервистік қолдау аясында 561 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, оның 252-сі -әйелдер. Бұл көрсеткіш әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің жоғары екенін және оларға көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.
Брифингте Түркістан облыстық кәсіпкер әйелдер ассоциациясының мүшесі Гүлмира Салыбекова өз сөзінде әйел кәсіпкерлердің өңір экономикасына, салық түсімдеріне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына қосып жатқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Ол әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі қолдау мақсатында гранттар, субсидиялар және микронесиелер бағдарламаларын кеңейтудің маңыздылығын айтып, жергілікті көрмелер мен сауда форумдары арқылы өнімдерді насихаттаудың тиімді жолдарын ұсынды. Бұл шаралар әйелдердің өз бизнесін кеңейтуіне, жаңа клиенттер табуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруына ықпал етеді.
«Бірыңғай кешенді» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге берілген жеңілдетілген несие қаржысы да әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға оң әсерін тигізуде. Биыл бұл бағдарлама арқылы кәсіпкерлерге 22,8 млрд. теңге жеңілдетілген несие берілген, оның 42%-ын әйел кәсіпкерлер алған. Бұл көрсеткіш әйелдердің бизнес бастауға және дамытуға деген ұмтылысының жоғары екенін және оларға қаржылық қолдаудың маңыздылығын айғақтайды. Жеңілдетілген несиелер әйелдерге өз бизнесін кеңейтуге, жаңа жабдықтар сатып алуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жалпы, Түркістан қаласындағы бұл жұмыстар өңірлерді дамыту бағдарламасының шағын және орта бизнесті, әсіресе әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы тиімділігін көрсетеді. Әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру арқылы өңір экономикасының өсуіне, жұмыспен қамтудың артуына және әлеуметтік әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етуге болады. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру және кеңейту өңірдің тұрақты дамуы үшін өте маңызды.
