Әкімдік кезегінде немесе белгілі бір санатта жоқ, сонымен қатар ауылда тұратын, қалада тіркеуде жоқ азаматтарға баспана алу қиындау. Оларға «ОТБАСЫ банктен» төмендеу пайызбен баспаналы болудың бір жолы — 50/50 ипотекалық бағдарламасы.
Бағдарлама шарты:
50/50 (көзделген соманың жартысын жинау қажет);
3,5 — 8,5 пайыз аралығындағы жылдық мөлшерлеме;
Қарыз бойынша:
Пәтер немесе жер үй сатып алуға;
Тұрғын үйге жөндеу жүргізуге;
Жер телімін сатып алуға;
Басқа банктен бұрын алынған ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға болады.
Нарықтан үй алу бойынша 50/50 бағдарламасы көп банкте бар. Айталық, Отбасы банкінде пәтер ақысының жартысын жинап, ең төменгі 5 пайызбен табысын растамай, ипотека алуға болады. Бірақ ол үшін бірнеше талапқа сай болу қажет:
1) Отбасы банкінде міндетті түрде депозит болуы шарт.
2) үш жылда ақшаның 50 пайызын жинап, бағалау көрсеткіші 16-ға толуы керек.
Ол үшін үш жыл бойы ай сайын белгілі бір мөлшерде ақша салып отыру қажет.