26/11/2024

ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШАРЫҚТАДЫ

Шәмші әндері-Темірлан төрінде…    Шәмші Қалдаяқовтың туылған сәтінен бастау алған сахналық көріністер қойылды.  Ш.Қалдаяқовтың азан шақырып қойған есімін қалың көрерменге Ордабасы аудандық мәдениет үйінің өнер шеберлері көркем жеткізе білді.
Арыс пен Сырдарияның түйіскен жердегі Сарыкөлде дүниеге келген, Жәмшидті ел еркелетіп Шәмші атап кете барды. Ата анасы армандағандай ән падишасы атанды. Ол бір қазақтың емес бүкіл әлемге ән салдырған аса талант иесі болды. Шәмші тау бұлағындай таза, кеудесі күмбірлеп тұрған ән. Шәмші ән сусаған қазақты мейірімін қандырған батыс өңіріндегі вальсті қазақ топырағына , қазақ табиғатына жақындатқан Қазақ вальсінің королі атанды.
Шәмші қазақ ұлы мен қызының жүрек қылын шертетін наз жырын да, қазақ шаңырағының қуанышында түгел илей алатын думан жырын да, қазақ елінің айбынын асқақтатып, айдынын шалқыта дәріптейтін мерей жырын да жазып үлгеріп кетті. Жер астында нұры, жер үстінде үні бірдей шалқыған халық композиторының әндерін көріністермен көркемдеп, көрермен жүрегінен орын тапқан Ордабасы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарына Аудан әкімі Н.Бақтыбайұлының ықылас гүлі тарту етілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар