26/11/2024

«Өз үйім»: кең сарайдай боз үй алуға бір мүмкіндік

Әкімдік кезегінде немесе белгілі бір санатта жоқ, сонымен қатар ауылда тұратын, қалада тіркеуде жоқ азаматтар үшін «Отбасы банкі» «Өз үйім» бағдарламасын ұсынады.

«Өз үйім»  — «Отбасы банкінің» жеке бағдарламасы. «Өз үйім» барлық салымшыға арналған. Онымен 3,5 проценттік ипотека алуға болады. Бірақ үш жылдың ішінде үйді сатып алуға қажетті қаражаттың 50 процентін жинау керек. Бұдан бөлек, арнайы бағалау жүйесі бар. Ұпайлар жыл сайынғы сыйақы көлемімен есептеледі. Есепшотта неғұрлым көп ақша болса, көрсеткіш те соғұрлым жоғары болады. Талап бойынша 16 ұпай болуы қажет.

Дегенмен, 20 проценттік бастапқы жарнаны салып, алдын ала займ алуға мүмкіндік бар. Қалған ақшаны банк береді. Бірақ несие мөлшерлемесі 7 процент болады. Бірден 50 процентін құйып, аралық займдар да беріледі. Оның мөлшерлемесі де 7%. Бірақ үш жылдан кейін 5 процентке дейін түседі. Ипотека мерзімі: 6 ай — 25 жыл.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар