26/11/2024

ТҮРКІСТАН: СУ НЫСАНДАРЫН ӘУЕДЕН БАҚЫЛАП ҚАЙТТЫ

«Түркістан облысында су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына аэровизуальды шолу жасады. Әуеден бақылау барысында өзен бойына жақын орналасқан елдімекендер мен су нысандарының жай-күйін танысты. Төтенше жағдай департаментінің басшыларымен кеңесіп,  су тасқынының алдын алу жұмыстарын кезекті рет пысықтады» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілмете жасаған Narkesken.kz.
– Ауа райының күрт жылынғаны сезіліп жатыр. Сондықтан су қоймаларының жай-күйі қатаң бақылауда болып, кезекшілік тұрақты атқарылуы керек. Өзендер мен көлдер, арық-атыздар қадағалауда болады, – деді Д. Сатыбалды.
Тексеру нәтижелері көрсеткендей, қазірше облыстағы су қоймаларының деңгейі қалыпты жағдайда. Қазіргі таңда барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында  су тасқынына қарсы комиссия құрылған. Өңір басшысы жауаптыларға су қоймаларының деңгейі қалыпты жағдайда болса да, қауіпсіздік іс-шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек өңір басшысы әуеден бақылау барысында «Көксарай» су ретегішіне барып, судың деңгейін тексерді.
«Көксарай» су реттегішінен тасталып жатқан 600 м3 су кедергісіз өтуде. Қазіргі таңда ауа райының жылынуына байланысты сең бұзылып жатқанымен, жағдай қалыпты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар