ШЫМКЕНТ: ӘЗ-НАУРЫЗ 10 КҮН БОЙЫ МЕРЕКЕЛЕНЕДІ

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай Шымкент қаласында арнайы мерекелік бағдарлама әзірленді. Бағдарлама жылдағы дәстүр бойынша 10 күн бойы өткізіледі.

  1. 14 Наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі. «Наурыз-думан» мерекелік қойылымы мен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» этно-фольклорлы қойылымы, кітап көрмесі ұсынылады.
  2. 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Қайырымдылық күніне арналған көрме-жәрмеңке, қолөнер шеберлерінің, баспа үйлерінің жәрмеңкесі, кітапханалардың көрмесі өтеді.
  3. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні. Бұл күн аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі, шеберлік сағаттары, шығармашыл одақ өкілдерімен кездесулер, «Жарамазан fest» республикалық фестивалі ұйымдастырылады.
  4. 17 Наурыз – Шаңырақ күні. Отбасы құндылықтары дәріптеліп, ЖИ-негіздерін оқыту, викториналық, интеллектуалдық ойындар, дрон-футбол, VR ойындар, сонымен қатар, «Жылы жүрек – өмір шуағы» мерекелік кеші өтеді.
  5. 18 Наурыз – Ұлттық киім күні. Мереке аясында ұлттық киім дизайнерлерінің сәндік дефилесі, көрме-жәрмеңкесі өткізіледі.
  6. 19 Наурыз – Жаңару күні. «Стартаптар аллеясы» көрмесі, робот-техника көрмесі болады.
  7. 20 Наурыз – Ұлттық спорт күні. Аударыспақ, қыз қуу, бәйге, ләңгі тебі, асық ату, гір тасын көтеру, арқан тарту сияқты ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылады.
  8. 21 Наурыз – Ынтымақ күні. Наурыз мейрамының мәнін ашатын театрландырылған көріністер қойылып, жергілікті және отандық эстрада әншілерінің қатысуымен күндізгі мерекелік концерт, гастрономиялық фестиваль өтеді.
  9. 22 Наурыз – Жыл басы. Қаладағы барлық алаңдарда мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. 10. 23 Наурыз – Тазару күні. Мегаполисте «Таза LIKE» экологиялық акциясы, жаппай сенбілік өткізіледі. Мерекелік гала-концерт болады.

Сонымен қатар, 24 наурыз күні оркестрлер айтысы ұйымдастырылып, қазақ ұлт-аспаптар, симфониялық, эстрадалық оркестрлердің айтысы өтеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар