ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ су тапшылығы бар өңірлерді қолдау үшін су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қосады және ауыл шаруашылығы техникасына бөлінетін қаржыны ұлғайтты.

Түркістанда ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті арттыру және техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды. Кездесуге облыс ветеринария басқармасы, «Бәйтерек» холдингі және «ҚазАгроҚаржы» өкілдері қатысты.

Түркістан – елдегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ын өндіретін жетекші өңір. Жыл сайын 1,2 трлн теңгеден астам өнім шығарылады, егіс көлемі ұлғайып, жылыжай, мал шаруашылығы мен қайта өңдеу дамуда.

Спикерлер мемлекеттік қолдауды арттырып, заманауи технологиялар арқылы бәсекеге қабілетті аграрлық сектор құруды басты мақсат етті.

«ҚазАгроҚаржы» 2000 жылдан бері өңірге 103 млрд теңге инвестиция құйып, 6800-ден астам техника лизингке берді. 2026 жылы 19 млрд теңге бөлуді жоспарлап, қазір 7,1 млрд теңгеге өтінім қабылданды. Қаржы негізінен көктемгі егіске бағытталады.

Фермерлерге жеңілдетілген бағдарламалар ұсынылады:

«Жеңілдетілген лизинг»: 5-6% сыйақы, 7 жылға дейін, авансы 0%-дан.
«Қазақстанда жасалған»: отандық техникаға 6%, 10 жылға дейін.
«Өз жем-шөбіміз»: жем-шөп техникасына 6%, 10 жылға дейін.
«Агролизинг»: 12,6% мөлшерлемемен субсидияланбайтын техникалар.

Суару жүйелерін дамыту басты басымдық. Мобильді суару жүйелері 12,6%-бен лизингке беріледі. Жуырда жаңбырлатып суару машиналары мен инфрақұрылымға займдар қарастырылады.

«ҚазАгроҚаржы» фермерлерге қолдауды жалғастыратынын атап өтті. Кездесу барысында шаруалар ұсыныс пен сұрақтарын білді

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар