Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен №11 және №23 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған арнайы оқыту семинарлары өтті.
Семинар Е.Молдабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өткен шараға №11 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері, сондай-ақ Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов пен оның орынбасары Н.Әділбеков қатысты.
Ал, Ақдала ауылдық округінде №23 сайлау учаскесінде өткен семинарды аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Әділбеков жүргізді.

Семинар барысында сайлауды өткізудің құқықтық негіздері, оның ішінде бақылаушылармен жұмыс жүргізу тәртібі және мүмкін болатын мәселелер кеңінен қаралды. Бұл ретте әрбір сайлаушының құқығын қорғау және процедуралық нормалардың бұзылмауын қамтамасыз ету басты назарда болды.
Семинардың қорытынды бөлігінде учаскелік комиссия мүшелері тарапынан заңнамалық мәселелер бойынша нақты сұрақтар қойылып, оларға тұжырымды әрі толық жауаптар берілді. Соңында учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Әшім арнайы қатысқан қонақтарға және ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жиналғандарға еңбектеріне сәттілік тіледі.
