26/11/2024

ТҮРКІСТАН: БІРНЕШЕ АУЫЛ СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ, БАСТЫСЫ АДАМ ШЫҒЫНЫ ЖОҚ

Түркістан облысында төрт ауыл —  Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізілуде. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 12 000 бірлік құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.  Қарнақ ауылында Кентау қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында барлығы 21 көше мен 235 аула аумағын, сондай-ақ Ордабасы ауданында мектептің аумағын су басқан.
«Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 400-ден астам адам, 70-ке жуық техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.
ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам және 201 ұсақ мал эвакуацияланды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады» деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Түркістан қаласында республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Жедел желі телефондары: Астанада — 87172533284; Түркістан облысында — 87253357881.
Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Су тасқынына байланысты облыстық маңызы бар «Көксаят-Ақсу-Саян-Мыңбұлақ-М-32», 118-136 км 117-179 автожолы жабылды.
Төтенше жағдайды жою үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауы, қардың белсенді еруі, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сақтық шаралары күшейтілген.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар