АҚШ ғалымдары темекі шегу тамырларды қорғауға жауапты генді әлсірететінін анықтады. Бұл қан ұйығыштарының пайда болу қаупін арттырады. Зерттеу авторлары Circulation журналындағы мақалада тромбтар тамырлардың созылғыштығын азайтады және жүрек ауруының туындау себебі болады деп жазған. Бұл тұжырым 140 мың адамның генетикалық материалын зерттеуге негізделген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, темекіні тұтыну – созылмалы аурулардың, соның ішінде обырдың, өкпе аурулары және жүрек-қан тамырларының ауруы дамуының негізгі қауіп факторларының бірі. Темекі жыл сайын 7 миллионға жуық өлімге әкеледі, оның 6 миллионнан астамы тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылардың арасында. Ал 890 000-нан астамы темекі түтінінің әсерінен темекі шекпейтін адамдардың арасында болады.
Темекінің басқа да зияны:
- Темекі шегу тәуелділікке әкеледі. Түтін мен никотиннің көміртегі тотығы жүрекке жүктемені арттырады, бұл оның тезірек жұмыс істеуіне әкеледі. Темекі тромблардың пайда болу қаупін арттырады.
- Темекі шегу инфаркт, стенокардия қаупін екі есе арттырады. Темекі шегетін адамдарда темекі шекпейтіндерге қарағанда жүректің ишемиялық ауруынан екі есе өлім қаупі бар.
- Күніне 5 немесе одан аз сигарет тартатын темекі шегушілерде жүрек-қан тамырлары ауруларының алғашқы белгілері болуы мүмкін.
Темекі шегуден бас тартқаннан кейін бір жыл өткен соң жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі екі есе азаяды, 15 жылдан кейін қауіп мүлдем темекі шекпеген сау адамдағыдай ғана болады.