26/11/2024

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ТӨРТ КҮН ДЕМАЛАМЫЗ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы жобасын дайындады. Аталған құжатқа сәйкес, елорда күніне орай қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалмақ.

Осыған орай  жұма күнге сәйкес келіп тұрған 7 шілдедегі жұмыс күні   1 шілде сенбіге ауыстырылып, сөйтіп төрт күн қатарынан  6,7,8,9 шілдеде демаламыз.

Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аталған өзгерістер мемлекет бюджетінен қаржы талап етпейді. Сонымен қатар қаулы жобасын қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кері әсері жоқ немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасын ашық талқылау 15 наурызға дейін «Ашық НҚА» порталында жалғасады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар