«Кентау қаласында Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай, ересектер арасында Президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті» деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап Narkesken.kz.
Жарыста спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метрге жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 түрлі жас ерекшеліктері бойынша сынға түсіп, өзара бақ сынады.
Жалпы командалық есепте Түлкібас ауданы облыс чемпионы атанды. Екінші орынды — Кентау қаласы алса, үздік үштікті Мақтаарал ауданының құрамасы түйіндеді. Жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
NARKESKEN.KZ