Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығы әлеуметтік желілердегі парақшаларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мегаполис жастарын Астана қаласына жұмысқа шақырған хабарландыруын жариялады.
Мамандандырылған күзет қызметіне Қарулы Күштер қатарында қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бойынша әскери даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматы қызметке орналаса алады.
Үміткерге қойылатын талаптар: 35 жасқа дейінгі жігіттер, денсаулығы мықты және физикалық тұрғыдан дайын болуы керек.
Білімі: құқықтану бойынша арнайы орта білім немесе кез келген мамандық бойынша жоғары білім. Биіктігі 170 см-ден төмен емес болуы керек.
Атап өтерлігі, мамандандырылған күзет қызметіне жұмысқа орналасқан азаматтарға бір адамға 74 520 теңге тұрғын үй төлемдері төленеді.
Ішкі істер органдарында қызмет атқарудың өз артықшылықтары бар. Жұмысқа орналасқан азамат жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқытудан өтіп, біліктілігін арттыра алады. Сонымен қатар, қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысы көбейіп, тұрақты және уақытылы айлық жалақысы төленеді. Сауықтыруға арналған жәрдемақы төленіп, мансаптық өсуге мүмкіндік мол. Ведомостволық емдеу мекемелерінен тегін медициналық ем қабылдай алады.
Сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері арнаулы атағына байланысты, Ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткерсе, 48 жастан бастап зейнетке шығады.
Үміткерлер толық ақпарат алу үшін 87026004401, 87752772817, 87009653713 телефондарына хабарласа алады.
Айта кетейік, елімізде Еңбек мобильді орталықтары өткен жылдың 1 шілдесінде құрылып, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыру, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу секілді функцияларды жүзеге асырады.