«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты және фракция жетекшісі Қайрат Имашев азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Кездесуге келген тұрғындар инфрақұрылым, әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді көтерді.
Игілік елдімекенінің тұрғыны көшені жарықтандыру, аялдама және жол мәселелері бойынша шағымын жеткізді. Забадам елдімекенінің тұрғыны да инфрақұрылым проблемаларын шешуді сұрады. Бұл азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдаған Қайрат Имашев тиісті аудан әкімшілігі мен жауапты басқарма басшыларына хабарласып, жағдайды түсіндірді.
Кездесуде көпбалалы аналар да қатысты. Олар табысының аздығына байланысты күнкөріс деңгейінің төмендегенін айтып, көмек сұрады. Депутат оларға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, жұмыс іздеп келген екі азаматқа жекеменшік мекемелерден бос жұмыс орындары ұсынылып, олар жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.
Бұл кездесулер «AMANAT» партиясының азаматтардың мәселелеріне жедел жауап беруге және қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысын көрсетеді.