26/11/2024

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАСТАР ҮШІН ЗОР МҮМКІНДІК

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен Тұран ауданы бойынша Мансап орталығының Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Бекзат Бише Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің бітіруші түлектерімен кездесті.

Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерге жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңінен ақпараттар беру.

– Сіздерге оқу орнын бітірген соң «Жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы және әлеуметтік жұмыс орны секілді бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Ал, жеке кәсіп бастауға ниеттенсеңіздер, «Бастау Бизнес» және бизнесті ашуға арналған мемлекеттік грант алуға болады. Сонымен қатар, жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен несие беріледі, – деді Тұран ауданы бойынша Мансап орталығының Еңбек ресурстарын болжау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Бекзат Бише.

Мансап орталығының басшысы колледж студенттеріне жоғарыда аталған бағдарламалардың талаптарын, мерзімін, жалақысы туралы кең мағлұмат берді.

– Ел болашағы жастардың қолдарыңызда. Қазақстанның болашақта дамуы сіздердің еңбекқорлықтарыңызға, талап-мұраттарыңызға, арман-мақсаттарыңызға байланысты. Сіздер ата-бабаларымыздан мұра болып қалған құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикамызды, ғылымымызды дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттiсіздер, – деп атап өтті Бекзат Дауылбайұлы.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар