Шымкент қаласында «Батырдың ұрпағымыз» челенджі өткізілді. Челленджде әлеуметтік желілерде жастардың бастамасымен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ата-бабаларының ерліктерін баяндайтын жазбалар ұйымдастырылды.
Қала жастары ардагерлердің сұрапыл соғыстағы көзсіз ерліктері мен жанқиярлықтарын атап өтіп, бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылықты сыйлағандықтары үшін өз алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, қаладағы барлық білім беру ұйымдары мен колледждерде «Ер есімі – ел есінде» атты оқушылар мен студенттерге арналған сынып сағаттары өтті. Оның мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақстандықтардың ерліктерін құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу.
Бұл күні оқушылар мен студенттер арасында сынып сағаттары, тарих сағаттары, тақырыптық көрмелер, сурет және қолөнер байқаулары, сондай-ақ, басқа да шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізілді.