
Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Сенбілікке қала тұрғындары, жастар, еріктілер, коммуналдық қызмет өкілдері мен оқушылар қатысты.
Абай ауданы: Қызылжар шағын ауданы мен Сарыкөл көшесінде «Таза мекен» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Көшелер, арықтар мен ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылып, қураған ағаштар мен бұталар кесілді. Сарыкөл көшесі инертті қалдықтардан тазартылды.
Акцияға «Amanat» партиясының 50 мүшесі, 100-ден астам тұрғын және 40 коммуналдық қызметкер қатысты. Нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық сананы қалыптастыруға және жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған.
Аудандық тазалық жұмыстары:
Әл-Фараби ауданы: №16 шағын аудандағы үй аулалары тазартылып, 30 тонна қоқыс шығарылды.
Еңбекші ауданы: Қалмырзаев көшесі тазартылып, сумен жуылды. 2 тонна қоқыс жиналды.
Қаратау ауданы: Мирас шағын ауданы мен Шым Сая шатқалында қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылды.
Тұран ауданы: Жаңаталап шағынауданында ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді. Тұрғындар, ардагерлер және коммуналдық қызметкерлер қатысып, көшелер мен арықтар тазаланып, қураған ағаштар кесілді. Жұмысқа 100-ден астам адам, бір тиегіш техника, екі жүк көлігі және үш ағаш кесу құрылғысы жұмылдырылды.
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы Абай саябағында «Таза Шым» акциясын өткізді. 50-ге жуық ерікті жас саябақты қоқыстан тазалап, 112 кг қалдық жинады. Шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Мектептерде экологиялық тәрбие күшейтілді. «Таза қала» тақырыбында сынып сағаттары мен дәрістер өтті. №5, №15, №45 мектептерде қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды сұрыптау бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тұрақты жоба. Бұл бастама елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруда маңызды. Тазалық шаралары қала аумағын таза ұстап, тұрғындар арасындағы ынтымақты нығайтады. Шымкенттіктер бұл жұмысты жалғастыруға ниетті.
