«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕШЕНІ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІҢ БАСТАУЫ

Түркістан қаласында облыстың 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспары аясында тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі. Бұл мақсатта қала әкімдігінің тапсырысымен салынып жатқан «Жібек жолы» тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстарының жоғары қарқынымен ерекшеленуде. Қала әкімінің тікелей назарындағы бұл жоба тұрғындарға әртүрлі бағыттағы тұрғын үйлерді ұсыну арқылы баспана мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

«Жібек жолы» кешенінде  қазіргі таңда 10 көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Бұл жобаның ерекшелігі – тұрғын үйлерді халыққа әртүрлі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сай ұсыну. Кешендегі тұрғын үйлердің сапасы қала әкімінің ерекше бақылауында, бұл құрылыс сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Кешендегі 6 тұрғын үйден сатып алынатын арендалық бағыттағы 512 пәтер жақын арада пайдалануға беріледі. Бұл мүмкіндік, әсіресе, жас отбасылар мен тұрақты баспанасы жоқ азаматтар үшін үлкен қолдау болып табылады. Арендалық тұрғын үйлердің қолжетімділігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Қалған 4 тұрғын үйдегі 432 пәтер «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотекалық кредиттік бағдарлама аясында тұрғындарға ұсынылады. Бұл бағдарлама азаматтардың өз меншікті баспанасына ие болуына жағдай жасайды. Меншікті баспана – отбасылық жағдайды тұрақтандырып, әлеуметтік белсенділікті арттыратын маңызды фактор. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы азаматтардың қаржылық жүктемесі азайып, өз үйінің иесі болу мүмкіндігі артады.

«Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс сапасының қала әкімінің ерекше бақылауында болуы, тұрғындардың сенімін арттырады және салынған үйлердің ұзақ мерзімді пайдалануға жарамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл жобаның сәтті жүзеге асырылуы, Түркістан қаласының болашақта да тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру бойынша осындай маңызды жобаларды жалғастыруына негіз болады. Қаланың қарқынды дамуымен қатар, тұрғындардың баспана мәселесінің шешілуі, Түркістанды жаңа мүмкіндіктер мен жақсы өмір сүруге арналған орталыққа айналдырады. Бұл жобалардың барлығы облыстың 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының негізгі мақсаттарына сәйкес келеді және қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар