Түркістан қаласының туристік әлеуеті күн санап артып келеді. Жақында ғана қаланың көркін кіргізіп, қызмет көрсету саласын жаңа деңгейге көтеретін «Empire» қонақ үйі мен мейрамханасының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи дизайн мен жоғары қызмет көрсету стандарттарын ұштастырған бұл кешен, қала қонақтары мен тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашты.
Жаңа қонақ үй кешенінің ерекшелігі – оның бірегей дизайнында. Әрбір бөлмесі мұқият ойластырылып, заманауи стильде безендірілген. Жоғары сапалы жиһаздар, жайлы төсек-орын және барлық қажетті жабдықтар қонақтардың демалысын барынша жайлы етуге арналған. «Empire» қонақ үйі баға жағынан да қолжетімді болып, қала қонақтары мен тұрғындарына жоғары сапада қызмет көрсетуді мақсат етеді. Қонақ үй 22 бөлмеден тұрады, олардың әрқайсысы әртүрлі қажеттіліктерге сай келеді.
«Empire» кешенінің тағы бір маңызды бөлігі – оның мейрамханасы. Мұнда сізді дәмді ас мәзірі мен жағымды атмосфера күтеді. Мейрамхананың асханасы ұлттық және еуропалық тағамдардың ең үздік үлгілерін ұсынады. Кәсіби аспаздар дайындаған тағамдар сіздің талғамыңызды қанағаттандыратыны сөзсіз.
Мейрамхананың тағы бір артықшылығы – оның ауқымдылығы. 60 адамға дейінгі той-жиын, туған күн, ұжымдық мерекелерді өткізуге ыңғайлы жағдай жасалған. Арнайы залдар, мерекелік безендіру және кәсіби қызмет көрсету сіздің мерекеңізді ұмытылмас етеді.

«Empire» қонақ үйі мен мейрамханасының ашылуы Түркістанның туризмін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Қаланың айырықша мәртебесіне ие болуы, оның туристік әлеуетін арттыруға деген ұмтылысты күшейтті. Нысан басшысы Дінмұхаммед Махамбетов бұл іске шаһардың айырықша мәртебеге ие болуы түрткі болды дейді. Оның айтуынша, «Empire» кешені Түркістанға келетін туристерге жайлы демалыс пен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, қаланың туристік имиджін нығайтуға үлес қосады. Жаңа нысан заманауи инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қала басшылығының саясатын айқын көрсетеді. «Empire» кешенінің ашылуы жергілікті тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді. Кешеннің орналасқан жері де ерекше – қаланың орталығында, туристерге ыңғайлы жерде орналасқан. Бұл кешен Түркістанның тарихи және мәдени орындарына жақындығымен ерекшеленеді, сондықтан қонақтар қаланың көрікті жерлерін оңай аралай алады. «Empire» қонақ үйі мен мейрамханасының ашылуы Түркістанның туристік саласындағы жаңа дәуірдің бастамасы болып, қаланың әлемдік туристік картадағы орнын нығайта түсетініне сенімдіміз.
