2 НАУРЫЗДАН БАСТАП КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА БАСПАНА БӨЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

Енді Отбасы банк тек тұрғын үйді түгендеуден өткеннен кейін ғана үлестіреді. Осылайша инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті талапқа айналады. Егер кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпесе, ол кезектен шығарылмайды. Алайда ол қанша уақыт кезекте тұрса да, тұрғын үйді бөлу процесіне қатыса алмайды.

Инвентаризациядан өтпеген жағдайда банк оған жалдамалы тұрғын үйді де, сондай-ақ 2% және 5%-бен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігін де ұсына алмайды.

«Кезекте тұрған азаматтар жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріп, orken.otbasybank.kz порталында түгендеуден өтуі қажет. Түгендеу – бұл кезекте тұрған азаматтардың мәліметтерін тексеру және нақтылау рәсімі», — деп хабарлады Отбасы банк.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар