2026 жылғы 31 наурызда ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек екі жылда бакалавр дипломын ұсынатын ұйымның қызметі заңды ма деген сұраққа жауап берді.
Министр «Білім туралы» заңға сәйкес, білім беру қызметі тек лицензиясы бар ұйымдарға ғана рұқсат етілетінін еске салды. Аталған ұйымның аккредитациясы жоқ және министрлік оларға лицензия бермеген. Сондықтан олар толыққанды білім беру қызметін жүзеге асыра алмайды.
Министрдің айтуынша, бұл ұйымдар Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі, сондықтан олардың қызметіне араласу мүмкіндігі шектеулі.
