Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 9 маусымдағы №1311 Жарлығымен «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы» бекітілді.
Стратегияның басты мақсаты – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні экономиканың, мемлекеттік басқарудың және қоғам өмірінің негізгі салаларына кеңінен енгізу.
Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, азаматтардың уақытын үнемдеуге, басқару үдерістерін жеделдетуге және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал жасанды интеллект өндіріс, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың тиімділігін арттыруға жаңа жол ашады.
Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдардың міндеті – цифрлық мүмкіндіктерді халықтың күнделікті өміріне барынша тиімді енгізу, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды кеңінен қолдануға жағдай жасау.
«Digital Qazaqstan» – еліміздің технологиялық дамуына серпін беріп, азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.
Цифрлық даму – заман талабы ғана емес, елдің бәсекеге қабілетті болашағының берік негізі деп санаймын.
Ерғали Омарұлы ҚУАНДЫҚ,
Арыс қаласы әкімінің орынбасары.
P.S. Көрнекі сурет ЖИ көмегімен жасалды.
