ҰЛЫ АҚЫН МҰРАСЫ – ЖАСТАРДЫ ІЗГІЛІККЕ БАҒЫТТАҒАН ТЕМІРҚАЗЫҚ

Бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан ауқымды өзгерістер мен «Адал азамат» тұжырымдамасының басты мұраттары өскелең ұрпақтың санасына рухани құндылықтарды сіңірумен тығыз байланысты. Осы орайда Созақ ауылдық модельді кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттауға арналған «Абай жолымен – өнеге ізінде» атты мазмұнды жыр сағаты өтті.

Рухани кеш барысында оқырмандар хакім Абайдың тағылымы мол өлеңдерін мәнерлеп оқып, даналыққа толы қара сөздерінен үзінділер келтірді. Жиынға қатысушылар ақын шығармаларындағы адамгершілік, білім, еңбек, ғылым және ізгілік тақырыптарын жан-жақты талқылап, ойшылдың теңдессіз мұрасының бүгінгі жас буын үшін маңызы зерек түрде сөз болды.

«Абайды оқу – өзіңді тану, Абайды түсіну – рухани кемелдену» деген қағиданы ұстанған бұл іс-шара ұлт руханиятының алтын қазығын ұлықтаудың тағы бір жарқын үлгісіне айналды. Абайдың әрбір өсиеті адамды білімге ұмтылуға, адал еңбек етуге, терең ойлануға және елге пайғасы тиетін жақсы азамат болуға үндейді. Мұндай рухани-танымдық басқосулар Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасының идеяларын халық арасында кеңінен дәріптеп, саналы да жауапты ұрпақ қалыптастыруға өлшеусіз үлес қоса беретіні анық.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар