АРЫС: ЕКІ КОЛЛЕДЖДЕ «ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫ» АШЫЛДЫ

Арыс қаласында гуманитарлық-техникалық және  №17 колледждерде «Жас сайлаушылар клубы» ашылды. Клубтар Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының тапсырмасына сәйкес ашылуда. Айта кетейік,  Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қаладағы колледждермен тығыз ынтымақтастық орнатып, Меморандумға қол қойылған болатын.

Меморандум аясындағы негізгі міндеттердің бірі – колледждерде «Жас сайлаушылар клубын» ашу болды. Бұл клубтар жастардың сайлау процестеріне белсенді қатысуын, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуін, сондай-ақ азаматтық белсенділігін арттыруды көздейді.

Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрлан Әділбеков пен комиссия хатшысы Еркежан Муратов екі колледждің студенттерімен кездесу өткізіп, клубтың төрағаларын сайлауға қатысты.

Гуманитарлы-техникалық колледжде ашылған  «Жас сайлаушылар клубының» төрағалығына көпшіліктің ұсынысы бойынша Нұрлан Даниял Еркебайұлы тағайындалды.

Ал, №17 колледжде «Жас сайлаушылар клубының» төрағасы лауазымына Сапар Айару Болатбекқызы тағайындалды.

Бұл тағайындаулар  жастардың өздерінің белсенді өкілін сайлау мүмкіндігін көрсетті және клуб жұмысына деген жауапкершілікті арттырады деп күтілуде.

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Әділбеков мәжіліс соңында клуб жұмысын Ережеге сәйкес жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Ол клуб мүшелерін сайлау, оларға нақты міндеттерді бөліп беру және клубтың алдағы жұмыс жоспарын жасау қажеттігін баса айтты. Бұл шаралар клубтың тиімді жұмыс істеуіне және өз мақсаттарына жетуіне ықпал етеді.

Мәжіліс соңы сұрақ-жауаптарға ұласып, студенттер өздерін толғандырған мәселелер бойынша комиссия өкілдерінен толық ақпарат алды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар