ЦИФРЛЫҚ КӨМЕКШІ: ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ЖҰМЫС ТАБУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбек мобильділігі орталығы, қалалық прокуратура және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Mega Planet ойын-сауық орталығында тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мүмкіндіктері түсіндірілді.

Іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыс”, “Кәсіптік оқу”, “Күміс жас” және өңіраралық жұмыспен қамту сынды бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, мамандар ақпараттық парақшалар таратып, ондағы QR код арқылы Enbek.kz порталына өтіп, Шымкент қаласындағы бос жұмыс орындарын қарауға болатынын жеткізді. Тұрғындарға портал арқылы үйден шықпай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмыс берушілермен онлайн әңгімелесуден өту жолдары жайында да түсіндірді.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда жұмыс іздеу және қызметкерлерді табу оңай. Жұмыс іздеушілерге Enbek.kz порталында көптеген салаларда әртүрлі жұмыс орындарына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмыс іздеуше толық ақпаратпен қамтылған түйіндемесін порталға жүктеп, тәжірибисіне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын таңдайды.

Ал, жұмыс берушілер өз талаптарын қанағаттандыратын білікті қызметкерлерді таба алады. Ол үшін порталға тіркеліп, бос жұмыс орындарын орналастырып, қызығушылық танытқан кандидаттар арасынан таңдау жасай алады.

Enbek.kz  электрондық еңбек биржасы – бұл мемлекеттік мансап орталықтарынан да, жеке агенттіктерден де, онлайн-сайттардан да бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді жинақтайтын елдегі алғашқы цифрлық алаң.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар