ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ДЕҢГЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы М. Кемелов мегаполистегі медициналық ұйымдарда іске асырылып жатқан цифрлық жобалардың барысын қарады. Атап айтқанда, басқарма басшысы №4 және №8 қалалық емханаларда енгізіліп жатқан «PULS AI», «ЖИ-терапевт» және «Documentolog» жобаларының орындалу деңгейімен танысты.
Аталған жобалардың негізгі мақсаты – медициналық қызмет сапасын арттыру, диагностикалық процестерді жеделдету, дәрігерлердің жұмысын жеңілдету, құжат айналымын оңтайландыру және пациенттерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Бұл шешімдер жалпы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

PULS-AI — бұл қатерлі ісік ауруларын емдеу нәтижелерін болжау үшін жасанды интеллектті қолданатын жоба. Машиналық оқытуға негізделген PULS-AI моделі тәуекелдерді сенімді стратификациялауға, жаңа биомаркерлерді анықтауға және онкологиялық науқастарды емдеудің жекелендірілген тәсілін жақсартуға мүмкіндік береді

Шешімдердің бірі — Шымкент қаласының бірқатар медициналық ұйымдарында сынақтан өтіп жатқан «ЖИ-терапевт» сервисі болды. Жүйе нақты уақыт режимінде дәрігер мен пациенттің арасындағы диалогты талдайды, алдын-ала диагнозды 80% дәлдікпен қалыптастырады және дәрігердің әдеттегі құжаттама уақытын 40%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді

«Documentolog» жобасы денсаулық сақтау ұйымдарында құжат айналымын оңтайландыру және пациенттерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру

Documentolog — құжаттарға электрондық қол қоюға арналған сервис. Онда клиенттермен және жеткізушілермен онлайн шарттарға, шот-фактураларға, орындалған жұмыс актілеріне, еңбек шарттарына және басқа құжаттарға қол қоюға болады.

Басқарма басшысы жобаларды енгізу нәтижелеріне оң бағасын беріп, медициналық ұйымдарда цифрлық шешімдерді тиімді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру қажеттілігіне назар аударып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар