Екібастұз моноқалалар тізімінен шығарылды

Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен енді Екібастұз «қала» статусына ие. Жан-жақты экономикалық талдау нәтижесінде оның экономикасы әртараптанғаны анықталды.

Өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсім көрсетіп отыр. Былтыр өндіріс көлемі 1 629,4 млрд теңгеге жетті. Инвестициялар көлемі де айтарлықтай артты.

Қала тұрғындары әртүрлі салада еңбек етеді. Қазақстанда қазір 19 моноқала қалды: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар