Ордабасы ауданында кәсіпкерлікті қолдау және жаңа инвестицияларды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, «Кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Мемлекет бизнестің дамуы үшін бар жағдайды жасауға тиіс». Осыған орай, аудан басшысы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Кәсіпкерлік саласында 2026 жылы бірнеше жаңа маңызды инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтқанда:
«Alem Euro PIR» ЖШС – сэндвич-панель және PIR (полиизоцианурат көбік) өндірісін іске қосу жобасы. Жобаның құны – 4,5 млрд теңге.
«Grand Pro» ЖШС – жиһаз өндірісін құру жобасы. Жобаның құны – 1,8 млрд теңге.
«PETRANA OIL GROUP» ЖШС – жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенін дамыту жобасы. Жобаның құны – 1 млрд теңге.
Аталған жобалар Ордабасы ауданында кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа инвестицияларды тартуға және жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Инвестициялық жобалардың іске асырылуы ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру мүмкіндіктері кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізеді.
Аудан әкімдігі мен жеке компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып қойған.
Айта кетейік, Ордабасыда аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен қаржыландыру мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат беріледі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облыстық филиалы, «Ырыс» шағын несие ұйымы, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ секілді қаржы институттары да кәсіпкерлерге қажетті ақпараттарды ұсынып, кеңес береді.
Аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында орнатылған ынтымақтастық, сондай-ақ меморандумдарға қол қою бизнес ортада сенімділікті арттырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл шаралар кәсіпкерлердің өз идеяларын жүзеге асыруына, жаңа өнімдер мен қызметтерді нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлік мәдениетін арттыруға, білім беру мен ақпараттандыруға бағытталған шаралар да қолға алынуда. Аудан әкімдігі кәсіпкерлерді оқыту, семинарлар мен тренингтер өткізу арқылы олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және туризм салаларында жаңа жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттар ауданның экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етеді.
Кәсіпкерлердің белсенділігі мен мемлекеттік қолдау шараларының үйлесімділігі арқасында Ордабасы ауданында кәсіпкерлік экожүйесі қалыптасып, жаңа инвестициялар тарту, жұмыс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданның кәсіпкерлік әлеуетін арттыру үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері қажет.
Осылайша, Ордабасы ауданында кәсіпкерлікті қолдау мен инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
