КЕЛЕС: КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ БІРНЕШЕ КЕЗЕҢНЕН ОҚУДАН ӨТУДЕ

Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен бүгін үш орында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арнап  каскадтық модель бойынша маңызды оқыту семинары өтті.

Бұл күнгі семинарларға Алпамыс батыр, Ұшқын, Бірлік, Бозай және Жамбыл,  Ақтөбе, Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтеріне қарасты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинар барысында Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясысы төрағасының орынбасары Б.Бейсеқұл сайлау процесіне қатысты барлық жұмыстардың заң талаптарына сәйкес жүргізудің аса қажеттігін ерекше атап өтті. Ол сайлау заңнамасының негізгі ережелеріне тоқталып, әрбір комиссия мүшесінің өз міндеттерін адал атқаруы сайлаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететінін баса айтты.

Семинардың екінші бөлігінде учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Төраға орынбасары Б.Бейсеқұл заң аясында нақты, түсінікті жауаптар беріп, қатысушылардың сайлау процесінің әртүрлі аспектілері бойынша білімдерін тереңдетуге көмектесті. Сұрақ-жауап сессиясының тиімді өтуі қатысушылардың өз жұмыстарында кездесетін қиындықтарды шешуге деген сенімділігін арттырды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар