МАҚТААРАЛДА САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІ АРТТЫРЫЛУДА

Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған кезекті әдістемелік-құқықтық оқыту семинары ұйымдастырылды. Маңызды саяси науқан қарсаңында өткізілген бұл іс-шараның негізгі мақсаты – сайлау процесін ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігі мен даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ заңнама талаптарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Басқосу барысында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу мәселелері жан-жақты қарастырылды. Жиынға қатысушыларға сайлау науқанын өткізудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәртібі, сайлау комиссияларының заң жүзінде бекітілген өкілеттіктері мен тікелей міндеттері жете түсіндірілді. Сонымен бірге сайлау рәсімдерін қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізудің, дауыс беру барысында ашықтық пен әділдікті сақтаудың негізгі қағидаларына ерекше назар аударылды.

Оқыту семинары аясында қатысушылар сайлау процесіне қатысушы басқа да тараптармен өзара іс-қимыл жасау, дауыс беру нәтижелерін хаттамалау және құжаттамаларды ресімдеу бойынша практикалық ұсынымдар алды. Мұндай іс-шаралар сайлау комиссиясы мүшелерінің саяси-құқықтық сауаттылығын шыңдап қана қоймай, аудан аумағында сайлау заңнамасын қолданудың бірыңғай әрі сапалы тәжірибесін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға тұжырымды жауаптар алып, өзара пікір алысты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар