Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды елдің болашағы ретінде айрықша бағалайды. Мемлекет басшысының саясатында жастардың әлеуетін ашу, олардың білім алуына, кәсіби дамуына, жұмыспен қамтылуына және қоғамға белсенді араласуына жағдай жасау басты басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуында жергілікті атқарушы органдар мен жастар ресурстық орталықтарының рөлі зор.
Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары осы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді жұмыс атқаруда. Олар халық көп жиналатын қоғамдық орындарда мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – жастарды және қала тұрғындарын мемлекет ұсынатын маңызды қолдау құралдарымен кеңінен таныстыру, олардың мүмкіндіктерін толыққанды пайдалануға бағытталған ақпараттық сауаттылығын арттыру.
«Жастар ресурстық орталығы» мамандарының түсіндіру жұмыстары жастардың өмірлік маңызды мәселелерін қамтиды. Соның бірі — жұмыспен қамту мүмкіндіктері. Мамандар тұрғындарды enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарымен таныстырып, кәсіби бағдар берді. Түрғындарға субсидияланатын жұмыс орындарының — «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобаларының мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастардың жұмысқа орналасуына, кәсіби дағдыларын жетілдіру, қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға орналасу, « еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттар берілді.
Түркістандықтарға бұл күні тұрғын үй бағдарламалары туралы да кең мағлұмат берілді. Соның ішінде жастардың тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат ұсынылды. Бұл бағдарламалар арқылы жастардың өз баспанасына ие болуына мүмкіндіктер жасау жолдары түсіндірілді.
Мамандар жастарға арналған білім беру гранттары мен жобалар туралы да ақпарат берді: Жоғары және кәсіптік білім алуға арналған мемлекеттік гранттар, стипендиялар және басқа да білім беру жобалары туралы ақпараттық қолдау көрсетілді.
Жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау – болашаққа инвестиция.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікке арналған қолдау түрлері де сөз болды. Жұмыссыз жандардың және жастардың өз бизнесін ашуына, кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірді. Бұл шараларға жеңілдікті несиелер, гранттарға қатысу мүмкіндіктері кіреді.
Мұндай ақпараттық түсіндіру жұмыстары жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға тікелей ықпал етеді. Жастар өздеріне ұсынылатын мүмкіндіктерді білгенде, өз болашағын қалыптастыруда дұрыс таңдау жасай алады. Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану – бұл тек жеке тұлғаның дамуына ғана емес, сонымен қатар елдің жалпы дамуына қосылған үлес болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген ерекше көңіл бөлуі, олардың әлеуетін ашуға бағытталған саясаты – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі.
