СОЗАҚ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту және жаңа заңнамалық талаптарды түсіндіру бағытында Созақ ауданында ауқымды семинар-кеңес өтті. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды іске асыру  аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара қоғам мен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға үлкен үлес қосады.

Жиынды Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакиров ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру, заңнамадағы өзгерістерді уақытылы меңгеру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытындағы осындай кездесулердің маңыздылығына ерекше тоқталды. Алқалы жиынға аудан әкімі аппаратының, ауылдық округтер мен кент әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері толық қатысты.

Іс-шараға төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерғали Жұмабаев мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері мен жаңа талаптарына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Президенттің жыл сайынғы ұлттық басым бағыттарын айқындайтын бастамалары мен парламенттік реформалар мемлекеттік аппараттың жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі міндетін атқарушы Назерке Орынбек «Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызды ережелері» тақырыбында терең мазмұнды баяндама жасады. Ол мемлекеттік шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының маңыздылығын түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерсұлтан Жолбарыс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізgi нормалары мен енгізілген өзгерістерге тоқталып, қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін жан-жақты баяндады. Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Нұрғалиқызы Әдеп кодексінің талаптары мен тәртіптік жаза қолдану қағидаларын нақты мысалдармен түсіндірді. Ал Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Медет Төрегелді мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және парасаттылық қағидаттарын берік ұстанудың маңыздылығына назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар алды. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптарды жан-жақты түсіндіру және оларды күнделікті тәжірибеде тиімді қолдануға әдістемелік қолдау көрсету өз деңгейінде орындалды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ләззат Нұрғалиқызы Әдеп кодексінің талаптары мен тәртіптік жаза қолдану қағидаларына тоқталса, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Медет Төрегелді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар алды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптарды түсіндіру және оларды тәжірибеде тиімді қолдануға әдістемелік қолдау көрсету.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар