МЕДИЦИНАЛЫҚ 8 АНЫҚТАМА ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте денсаулық сақтау саласында цифрлық трансформация қарқынды жүріп жатыр. Цифрлық технологиялар медициналық қызметтерді жылдамдатады, арзанырақ және тиімдірек етеді, шығындарды азайтады және қызмет көрсету сапасын арттырады.

Цифрландырудың әсер етуінің арқасында бүгінде пациенттерге зертханалық зерттеулердің нәтижелерін смартфоннан алу қолжетімді бола түсті. Мобильді қосымшалардың көмегімен клиникаға қайта-қайта бармай-ақ, дәрігердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік туды.  Бұл пациенттердің уақытын үнемдейді, кезектерді азайтады және медициналық қызметкерлерге жүктемені азайтады.

Бүгінгі таңда салада Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуда. Қабылдаулар туралы жалған жазбалармен күресу мақсатында 2024 жылдың тамызынан бастап пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жобасы («Цифрлық құжат» және Face ID арқылы) іске қосылды. Нәтижесінде негізсіз көрсетілген медициналық қызметтер көлемі  азайды.

Бүгінгі таңда Шымкентте денсаулық сақтау саласында сұранысы ең жоғары 8 медициналық анықтама цифрландырылды. Олар:

  • 073/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру»,
  • 075/у «Медициналық анықтама»,
  • 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»,
  • 026/у «ДКК қорытындысы»,
  • 069/у «Санаторий-курорттық карта»,
  • 076/у «Қару ұстауға рұқсат алу»,
  • 038/у «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама».

Қазіргі уақытта «еңбекке жарамсыздық парақтарын» қағаз түрінде қолдануды толықтай алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Медициналық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды.

Маңызды қадамдардың бірі – биылғы жылдың қыркүйегінен бастап жасанды интеллект негізіндегі «дәрігер көмекшісін» енгізу, бұл диагностика үдерісін оңтайландыруға және қателіктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 180 медициналық ұйым (29 мемлекеттік, 151 жекеменшік) ақпараттық жүйелерге қосылып, жаңа технологиялар бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл Мемлекет басшысының барлық емханалар мен ауруханаларды толығымен қа­ғазсыз медициналық жазбаға көш­іру тапсырмасын орындау аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар