Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 31 мамырға белгіленген Көксарай ауылдық округі әкімі сайлауына қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тіркелу нәтижелерін ресми түрде жариялады. Комиссияның қабылдаған шешімі бойынша, бұл лауазымға үш азаматтың кандидатурасы ресми түрде тіркелді.
Тізімге енген бірінші үміткер — Елеусізов Нұрсұлтан Балтабайұлы. 1987 жылы туылған, қазақ ұлтының өкілі, өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысуда. Қазіргі таңда ол Қоғам ауылдық округі әкімі аппаратында инфрақұрылым жөніндегі бас маман болып жұмыс істейді. Отырар ауданы, Темір ауылдық округінің тұрғыны.
Екінші үміткер — Кысмұратов Жасұлан Абайұлы. 1989 жылы дүниеге келген, ұлты – қазақ. Ол да өзін-өзі ұсыну тәсілімен дауыс берушілердің алдына шығады. Оның қазіргі жұмыс орны — Отырар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде бас инспекторы. Отырар ауданы, Шәуілдір ауылдық округінің тұрғыны.
Үшінші үміткер — Қалмұратұлы Әлімжан. 1993 жылы туылған, қазақ ұлтының өкілі. «AMANAT» партиясының ұсынысымен сайлауға қатысады. Ол бұған дейін Көксарай ауылдық округі әкімі қызметін атқарған. Осы елде туып-өскен.
Осылайша, сайлаушылар алдында өзін-өзі ұсынған екі кандидат пен бір партиялық ұсынысқа ие үміткер тұр. Дауыс беру 31 мамыр күні өтеді.
