КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СУАРУ МАУСЫМЫ ЖОСПАРЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Еліміздің аграрлық секторында Түркістан облысы айрықша орын алады. Өңірдің қолайлы климаты, бай жер ресурстары және суармалы жерлердің кең аумағы ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларының дамуына зор мүмкіндіктер тудырады. Жылыжай шаруашылығы, бау-бақша өсіру, мақта және жеміс-жидек өндірісі – бұл салалар Түркістан облысының аграрлық әлеуетін айқындайтын негізгі бағыттар болып табылады. Соңғы жылдары облыс басшылығы суармалы жерлерді ұлғайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және өнімділікті арттыруға баса назар аударып, бұл саланың экспорттық әлеуетін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуде.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сәйкес тұрақты жүргізілуде. Өңірде жаздық дақылдарды егу жұмыстары қарқынды жүріп, жалпы алғанда 316 мың гектар алқапқа егін егілді.

Түркістан облысы еліміздің аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Жылыжай шаруашылығы, бау-бақша өсіру, мақта және жеміс-жидек өндірісі айтарлықтай дамыған. Соңғы жылдары суармалы жерлерді ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыруға баса назар аударылуда. Бұл сала жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сәйкес тұрақты жүргізілуде. Бүгінде өңірде жаздық дақылдар 316 мың гектар алқапқа егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 72 мың гектар, майлы дақылдар – 72 мың гектар, жоңышқа – 51 мың гектар, көкөніс – 31 мың гектар, бақша дақылдары – 38 мың гектар, ал мақта алқабы 52 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар ерте пісетін қырыққабаттан 2,2 мың тонна өнім жиналды.

Өңірдегі көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымының барысы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен қаралып, қазіргі ахуалға жан-жақты талдау жасалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев мәлімдегендей, шаруаларды қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асуда. Атап айтқанда, жеңілдетілген жанар-жағармай мен тыңайтқыштар өтінімдерге сәйкес уақытылы жеткізілуде. Сондай-ақ «Кең Дала» бағдарламасы аясында бүгінге дейін 1196 жоба қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы саласына нақты қолдау көрсетілуде.

Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстар да қарқын алған. Қазіргі таңда 34 мың гектардан астам алқапта жаңа технологиялар қолданылуда. Бұл бағыттағы шаралар тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, су үнемдеу жабдықтарын өндіруші кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп, шаруаларға қажетті техниканы лизинг негізінде ұсыну тетігі жолға қойылған.

Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары су қоймаларындағы ахуалға ерекше назар аударып, жауапты мекемелерге су ресурстарын бекітілген лимитке сәйкес қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, ағын су кезектілігін шаруалармен келісе отырып, дақылдардың ерекшелігіне сай әділ түрде реттеу қажеттігін атап өтті.

Жалпы, өңірде вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өтуде. Көктемгі дала жұмыстары мен суару науқаны толық бақылауда, жүйелі әрі жоспарлы түрде жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар