ПРЕЗИДЕНТ ДУБАЙДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН БІР ТОП ОФИЦЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

IMG_0695

Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарыстан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Президенттің Алғысымен марапатталды.

Дүбірлі додада «Қазақстан С» командасы теңдесі жоқ, яғни абсолютті чемпион атанды. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды. Президент «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне де айрықша тоқталды.

Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді, – деді Президент.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар