Шымкентте дрондардың көмегімен экологиялық тәртіп бұзушылықтар анықталды. «Таза қала» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтау және алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шаралар жүргізуде. Мақсат — экологиялық қауіпсіздік пен қала тазалығын сақтау. Сондай-ақ, абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтап, құқық бұзушылықтардың жолын кесу.
Қала аумағында «Таза қала» акциясы аясында полиция қызметкерлері күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Нәтижесінде дрон арқылы қоқысты рұқсат етілмеген орынға төккендер анықталды. Яғни, жүк көліктері қалдықтарды арнайы белгіленбеген жерге тастаған. Құқық бұзушылар жедел анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер заманауи технологияларды, соның ішінде дрондарды қолдану қолжетімсіз аймақтарды тиімді бақылауға, сондай-ақ бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Құқық қорғау органдарының жұмысында цифрлық шешімдерді пайдалану-бұл қалалық кеңістіктегі ашықтықты, тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған қадам.
— Полиция «Таза қала» акциясы аясында дрондардың көмегімен абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтап, рейдтер жүргізуде. Техника қоқысты заңсыз шығару фактілерін, соның ішінде қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерде қалдыратын ірі жүк көліктерін тіркеуге мүмкіндік береді. Құқық бұзушылар жедел белгіленеді және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Дрондардың арқасында құқық бұзушылықтарды анықтау оңайырақ және жылдамырақ болды. Полиция қызметкерлері қалалықтарды абаттандыру ережелерін сақтауға және қалада тазалықты сақтауға шақырады», — деп атап өтті Абай ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуат Миркасов.
Полиция қала тұрғындарын абаттандыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырып, тек ортақ күш-жігермен тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге болатынын еске салды.
Шымкент қала өмірінің түрлі салаларында цифрлық құралдарды енгізуді жалғастыруда.
