ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕРЗІМІ ӨТКЕН НЕСИЕ ҚАРЫЗДАРЫН БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМГЕ БІРІКТІРЕ АЛАДЫ

Қазақстанда бірнеше банкте немесе МҚҰ-да берешегі бар азаматтар үшін бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Енді қарыз алушылар барлық несиелерін бір жерде онлайн реттей алады.

Жүйе жаңа ережелер бойынша 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап жұмыс істей бастайды. Берешек мөлшері — 1600 АЕК-ке дейін (шамамен 6,3 млн теңге). Бұл тізімге ипотека мен автонесие кірмейді.

Кез келген азамат онлайн өтініш бере алады. Бірнеше төлемнің орнына бірыңғай төлем кестесі құрылады. Айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады. Қайта құрылымдау мерзімі-60 айға дейін. Өтінімді қарау кезінде банктерге сотқа жүгінуге немесе қарызды коллекторларға беруге тыйым салынады. Сонымен қатар, бұл несиелік рақымшылық емес-қарызды толығымен өтеу керек.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар