Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары шеңберінде Сайрам ауданында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды.
Жиын барысында қатысушыларға сайлау күні атқарылар іс-қимылдардың нақты алгоритмі жан-жақты түсіндіріліп, дауыс беру процесін қолданыстағы занама талаптарына қатаң сәйкестікте ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, сайлау құжаттарын дұрыс рәсімдеу тәртібі, азаматтардың сайлау құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне баса назар аударылды.
Семинардың маңызды бөлігі ретінде сайлау учаскелерінде туындауы ықтимал даулы әрі шиеленісті жағдайларда тек заң аясында әрекет ету жолдары пысықталды. Осы оқыту курсының басты мақсаты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен даярлық деңгейін арттыру, сайлау науқанының ашықтығы мен заңдылығын қатаң сақтау, сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге тікелей ықпал ету болып табылады.
