ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ГОЛЛИВУДТЫҢ ТАНЫМАЛ ПРОДЮСЕРІ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласы Орталық Азияның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғаны қабылдауға дайындалуда. 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) Қазақстандағы алғашқы халықаралық технологиялық конференция өтеді.

Бұл – аймақта теңдесі жоқ жаңа форматтағы орталықтандырылмаған цифрлық конференция. GTW CA жетекші халықаралық сарапшыларды, стартап қауымдастығын, инвесторларды және жаһандық корпорациялардың өкілдерін біріктіреді.

Жаһандық конференцияны өткізуге  аймақтың технологиялық болашағын бөлісіп қана қоймай, оны дамытуға инвестиция салуға дайын YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin gaming компаниялары бастамашы болған. Бүгінге дейін Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz (a16z), European Business Angels Network секілді ірі компаниялар конференцияға қатысатынын растады.

Іс-шараның шарықтау шегі – «Рэмбо: соңғы қан», «Форсаж» блокбастерлерінің голливудтық продюсері, сондай-ақ DC Comics-тің бұрынғы жаһандық маркетинг жетекшісі, HBO Max вице-президенті және ірі цифрлық платформалардың медиа-стратегі Allen V Dam-ның қатысуы болмақ.

Мұндай деңгейдегі маманның келуі Қазақстан үшін айтулы оқиға.  Конференцияда Allen V Dam әлемдегі миллиардтаған көрерменнің жүрегін жаулаған фильмдерді түсірудегі тәжірибесімен бөліседі. Ол технологиялар мен инновациялардың киноиндустрияны қалай өзгертіп жатқаны, заманауи әлемдегі табысты продюсерліктің құпиялары туралы баяндайды. Оның іс-шараға қатысуы Қазақстанның технологиялық және шығармашылық жобалар үшін жаңа тартылыс орталығына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Allen V Dam тек продюсер ғана емес, сонымен қатар крипто-кеңесші және Web3 технологиялар стратегі. Бұл — оның Қазақстанға алғашқы сапары.

GTW алаңдары кәсіпкерлер, стартаптар, инвесторлар және IT көшбасшылар арасында нақты ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобалар іске қосылатын мүмкіндіктер орнына айналады деген сенім бар. Осы іс-шара аясында Қазақстанның жас стартаптарына, жергілікті бизнесіне және креативті индустриясына ерекше назар бөлінеді.

«Global Tech Wave Central Asia әлемдік көшбасшылардың кездесу орнына айналмақ.  мақтан тұтамыз. Allen V Dam секілді кәсіпқой маманның  сапары — бұл біздің аймақтың технологиялар мен креативті салалардағы әлеуеті зор екендігінің дәлелі. Оның тәжірибесі мен білімі мыңдаған жас мамандарды әлемдік деңгейдегі жобаларды жасауға шабыттандыратынына сенімдіміз» дейді конференцияны ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар